Жазушы және шеберлік: оқырман конференциясы
24 қазан күні Абай атындағы кітапханада Т. Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына орай «Жазушы және шеберлік» атты тақырыпта «Қаһарлы күндер» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияға Шәкәрім атындағы университеттің филология факультетінің студенттері қатысты.
Шара барысында Т. Ахтановтың өмірі мен шығармашылығына байланысты баяндама тыңдалып, соңынан роман кейіпкерлері, шығарма идеясы талданды. Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған алғашқы қазақ романдарының бірі екендігі айтылып, романның негізгі идеясы Отанды сыртқы жаудан қорғау екендігі айтылды.
Кейіпкер образын бейнелеуде жазушының шеберлігі, әр адамның адамшылығы, жазушының кейіпкерлері, Мұрат, Уәли сияқты жауынгерлердің соғыстағы және ұрыстан саябыр сәттердегі қарым-қатынастары арқылы көрсетілгені, Көжек. Кәкібай, взвод командирі Ержан бейнесі арқылы ел басына түскен жағдай, романда екі полк командирінің өсу жолы, адамдармен қарым-қатынасы, ішкі психологиясы шеберлікпен берілген жайында сөз қозғалады.