Қаламгер – руханият шырақшысы: кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 3 қараша күні кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Ырысхан Мұсаұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Қаламгер – руханият шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне Ырысхан Мұсаұлының шығармалар жинағы және мерзімді басылымдардан жарық көрген мақалалары қойылды. «Сага – устье реки», «Семей өңірінің ақын, жазушылары» библиографиялық көрсеткіші, Абай журналының 2005 жылғы №1 санында шыққан Ы. Мұсаұлының «Өмір бақи Абай деп өткен», «Семей таңы» газетінде жарық көрген Ж. Хасеновтың «Екі сапар», «Ертіс өңірі» газетіндегі Қ. Бәшейдің «Атамекен азаматы», К. Оразалиннің «Еңбегі жанған» атты басылымдар оқырман назарына ұсынылды.
Кітап көрмесімен таныстыру барысында кітапхана мамандары жазушы Ы. Мұсаұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы жайында әңгімелеп, 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалғанын атап өтті. Қаламгердің шоқтығы биік туындыларының қатарында «Аға сұлтан» романының жазылу барысы, романдағы Құнанбай қажы бейнесі, Қарқаралы округі бойынша аға сұлтандыққа сайланғаны жайында әңгімеледі.