«Өлке тарихындағы есімдер. Ертіс өңірінің спорт аңыздары»: интерактивті өлкетану сағаты
9 қараша күні Абай атындағы кітапхана мамандары облыстық олимпиадалық резерв спорт колледжінің студенттеріне «Өлке тарихындағы есімдер: Ертіс өңірінің спорт аңыздары» атты іс-шара өткізді. Студенттер 19-20 ғасырлар аралығындағы Қазақстан мен Семей қалаларында дене шынықтыру мен спорттың даму тарихымен, революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кезеңде спорттың қалай дамығанымен танысты. 1912 жылдан 1914 жылға дейін құрылған алғашқы спорттық командалар, оның ішінде ағайынды Смородинниковтар құрған алғашқы «Нептун» спорт клубы туралы білді. Оның қызметі туралы спорт журналисі, «Ертіс өңірі» өлкетану қоғамының мүшесі Станислав Сәрсеков әңгімелеп берді. Әңгімелесу барысында студенттер қаламыздың тарихына қатысты спорт пен цирк өнерінің және қазақстандық спорттың көрнекті тұлғаларымен танысты. Бұл Қажымұқан, Василий Ярков және Ғұсман Қосанов еді.
Іс-шара презентациялармен және кітап көрмесімен көркемделді, студенттерге М.Брусиловскийдің «Очерки истории физической культуры и спорта в Казахстане», Х.С. Матыбаевтың «Семипалатинск спортивный», Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», «Қазақтың Қажымұқаны», В.Кашляктың «Семипалатинские арабески», В. Подрезовтың «Седые были Иртыша», М.Тәнекеевтің «Қажымұқан Мұңайтпасов» т.б.кітаптар ұсынылды.
Шара соңында Марат Байжановтың орындауындағы «Есть только миг…» әні орындалды.