Парижді жаулаған дауыс:әдеби-сазды сағат
15 қараша күні Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде Абай атындағы кітапхана мамандары қазақтың белгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Парижді жаулаған дауыс» атты әдеби-сазды сағатын өткізді. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтті. Студенттер Әміре Қашаубаевтың өмірбаянымен, оның қиын балалық шағы мен музыкалық және театр өнеріндегі жетістіктерімен таныстырылды. Оқушылардың назары Әміре Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік (ЭКСПО) сәндік өнер көрмесінде өткен этнографиялық концертіне қатысуына аударылды. Қазақтың халық әндері «Балқадиша», «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Жалғыз арша», «Үш дос» және т.б. орындағаны үшін Әміре екінші орын алып, сыйлық және күміс медальмен марапатталды. Студенттер Әміре Қашаубаевтың орындауында патефонға жазылған атақты «Балқадиша» және «Дударай» әндерін тыңдады, оларға Әміре әндерінің пластинкаға жазылу тарихы туралы әңгіме өте қызықты болды. Сондай-ақ көрермендерге Әміре Қашаубаев туралы екі тілде жазылған «Әнші Әміре», Ж.Шәкәрімовтың «Әміре» және басқа да көптеген кітаптар ұсынылды, онда оның өмірі мен қызметі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар Әміре Қашаубаев өмірін толықтыратын жазбалар мен фотосуреттер, ноталар да бар.