Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жауапкершілік – ақпараттық сағат
6 желтоқсан күні Абай атындағы әмбебап кітапханада «Сыбайлас жемқорлық: қылмыс және жауапкершілік» атты ақпараттық сағат өтті, ол жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы білімдерін қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті. Шараға кітапхананың оқу залына келушілер қатысты. Кітапхана пайдаланушылары сыбайлас жемқорлықтың тарихымен танысты. Келушілер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи тамыры бар екенін білді, өйткені ол қазақтың сый-сияпат жасау және әр түрлі құрбандық шалу әдетімен байланысты.
Кітапхана маманы өз сөзінде Қазақстан Республикасында тәуелсіздік жылдарындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне тоқталды. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңды қабылдағаны, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы арнайы тараулардағы баптар ерекше атап өтілді. Қатысушылар үшін республикада жүргізіліп жатқан заңнамалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ашатын кітап көрмесі дайындалды.