Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы: патриоттық сағат
Балалалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай, №30 жалпы білім беретін мектептің 3 «Ә» сынып оқушыларына ел тәуелсіздгі туралы мағлұмат беру мақсатында «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты патриоттық сағат ұйымдастырды.
Мемлекеттік гимнді орындаудан басталған шарада балдырғандар тәуелсіз еліміздің жетістіктері, айқын бағдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы көптеген ақпарат алып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен қол жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беретін «Тәуелсіздік туының астында» атты кітап көрмесімен танысты.
Сағат барысында оқушылар зеректік қабілетін, шапшаңдығын байқататын бейбітшілік, тәуелсіздік сөздерінен бірнеше сөздер құрап жазып, «Кең жайлау – балалар көзімен» атты тақырыпқа суреттерді құрастырып, т.б. викториналық ойындарға белсене қатысты, сондай-ақ Мұқағали Мақатаевтың және басқа да қазақ ақындарының тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлар, отан, егемендік жайлы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Патриоттық нотада аяқталған шарада балдырғандар «Мен қазақпын» әнін бірге орындап, 1986 жылғы желтоқсан батыры, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне естелікке суретке түсті.