Ғалам кеңістігіне саяхат: өлкетану қонақжайы
2024 жылдың 21–қаңтарында Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» өлкетану қоғамы мен кітапхана мамандары дайындаған «Ғалам кеңістігіне саяхат» атты іс-шара қала тұрғындары мен кітапхана пайдаланушыларына арналып ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара қаламызда екі мәрте болған және үшінші экспедициясы кезінде Зайсан көлі маңында тұрақтаған әйгілі саяхатшы Николай Пржевальскийге арналды.
«Прииртышье» қоғамының өлкетанушысы саяхатшы Пржевальский өмірбаянындағы қызықты деректермен бөлісіп, оның есімін тек Ресейде ғана емес, шетелде де танымал еткен Орталық Азия экспедицияларына егжей-тегжейлі тоқталып, осыған дейін Орталық Азия мен Тибет туралы толыққанды зерттеулер болмағандығын айтты.
Кітапхана қызметкерлері ұлы саяхатшы туралы өмірбаяндық зерттеулерді, ғалымның өміріндегі сирек басылымдарды және оның саяхаттарының карталары туралы сыр шертетін «Орыс зерттеушілерінің Орталық Азияға саяхаты» атты көрме жасақтап, оған шолу жасады. Әйгілі саяхатшының кезінде 21кітап жазғандығы туралы ақпарат беріліп, Абай кітапханасында ғалымның 1867 жылы жарық көрген басылымы «Путешествие в Уссурийком крае» және «Монголия и страна тангутов» кітабының бірінші қайта басылуы сақталғандығы туралы айтылды. 1940 жылы осы еңбегі оның географ және саяхатшы ретінде шетелге танымал болуына себеп болғандығы туралы да хабардар етілді. Сондай-ақ көрмеге қойылған кітаптардың ішінде: Северин Н.А. «Отечественные путешественники и исследователи» (1956), С.Хмельницкий «Пржевальский 1839-1888» (1950), А.С. Бейсенов «Роль русских ученых в познании природы Казахстана» (2011), «Русские географы и путешественники» (1948) альбомы, сондай-ақ орыс саяхатшыларының кітаптарының сирек басылымдары М.В. Певцов «Путешествие в Кашгарию и Кун-лунь» (1949) және П.Чихачев «Путешествие в Восточный Алтай» (1974) және т.б. Іс-шара соңында қатысушылар танымал саяхатшы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.