Қолөнер – ұлттық құндылығымыз: зкспозициялық көрме
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Қолөнер – ұлттық құндылығымыз» тақырыбында сәндік қолөнер туындыларынан экспозициялық бейнелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Өткізілген күні: 5 қаңтар 2014 жыл. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан обылыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының өнер бөлімі. Қатысушылар: кітапхана пайданушылары. Қатысқандар саны: 6. Мақсаты: оқырмандарға қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, мәдени мұрасын қадірлеп, сәндік қолданбалы қолөнермен тереңірек таныстыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорында бар сәндік – қолданбалы өнерге байланысты еңбектердің алынып, оқылуына ықпал ету.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Қолөнер – ұлттық құндылығымыз» тақырыбында сәндік қолөнер туындыларынан экспозициялық бейнелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ халқы бастауы сонау көне дәуірге кететін өзінің қайталанбас, бірегей қолданбалы өнер туындыларымен танымал. Шеберлердің қолөнер бұйымдары бүгінгі күндері де өз маңыздылығын жоғалтпай, халық арасында әрқашан да танымал және үлкен сұранысқа ие болып келеді. Көрмеде қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары кеңінен қамтылған. Бұлар – киізден жасалған киіз үйдің макеті, түйе, қазақтың ұлттық киімімен безендірілген қазақ қызының көйлегі, ағаштан жасалған қымыз құятын тостағандар, сыйлық қуыршақтар, т.б. заттар қойылған.
Сондай – ақ көрме қолөнершілердің мұрасын зерттеуге, жинақтауға оларды сақтауға бағытталған кітаптар, сәндік – қолданбалы өнер, қазақтың ою – өрнегі, ұлттық киімдер туралы бейнелі кітап – альбомдармен жасақталды. Атап айтқанда: Көне дәстүрлерді қайта жаңарту.-А,2012 ж.; С.Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.- А,2010 ж.; Бикенов А. Қазақтың материалдық мәдениеті – «Фолиант», 2010 ж.; Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері- «Фолиант», 2008 ж.; Нұрпейісов Ә. Қазақ халқының ою – өрнегі.А, «Өнер»,2002 ж. және т.б.. Көрме өз жұмысын қаңтар айының аяғына дейін жалғастырады.