Кітапхананың ішкі техникалық қызметі және библиография: облыстық семинар
14 ақпан күні Абай атындағы кітапханада «Кітапхананың ішкі техникалық қызметі және библиография» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарға аудан және ауылдан 50-ге жуық кітапханашы қатысты.
Семинардың мақсаты: оқырмандармен ақпараттық-іздестіру жұмысының мәселелерін шешу, кітап қорының есебін жүргізу.
«Библиография: теория және тәжірибе» бөлімінде мектеп оқушылары мен кітапхана мамандарының бірлескен жұмысы негізінде кітапхананың өлкетану қорын қалыптастыруға, соның ішінде облыс ресурстарының өлкетану картасын жасауға бағытталды. Материалды бекіту үшін «Тарихи оқиғалардың ізімен» квесті жүргізіліп, оның көмегімен оқырмандарды ақпараттық жұмысқа тартуға болатындығына тоқталды.
«Кітапхананың кітап қорын ұйымдастыру және есепке алу» бөлімінде тәжірибелік сабақ өткізілді, онда кітапханашылар жиынтық кітаптарды, инвентарлық кітаптарды толтырды, жаңа әдебиеттерді алуға және кітапхана қорынан әртүрлі әдебиеттерді есептен шығаруға актілер жасау көрсетілді.