Абайдың рухани әлеміне саяхат: сирек қорға шолу
28 ақпан күні Абай кітапханасының алтын қорынан орын алатын сирек басылымдарды жастарға таныстыру мақсатында «Абайдың рухани әлеміне саяхат» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздағы Шәкәрім университетінің студенттері қатысты. Қатысушылар назарына сирек қордағы Абай оқыған кітаптар, Абай заманындағы баспалар, «Әлем әдебиеті жауһарлары», ретро басылымдар,латын қарпімен жазылған еңбектер таныстырылды. Абайды тануда үлкен ақпарат көзі болып табылатын Абай заманындағы сирек өлкетану қоры «Сельскохозяйственный обзор Семипалатинской области» статистикалық басылымы,1894 жылғы «Семипалатинские областные ведомости» газеті басылымы, Семей Географиялық Бөлімшесінің «Запискилері» студенттердің ерекше назарына ілікті.
Кітапхана қызметкерлері көрмедегі ең көне баспа басылымдарға тоқталып, сол замандағы баспа өнімдерінің ерекшелігін ерекше сөз етті. Қорда сонау көне заманнан сыр шертетін алтын жалатылған кітаптарға студенттер назары ерекше ауып, кітапхана қорындағы 1936-1939 жж. жарық көрген латын қарпімен жазылған Абай шығармаларына, Абай шығармаларының өзге ұлт тілдерінде жарық көрген еңбектерге қызығушылық танытты. Сирек қорды көпшілік назарына ұсынып, шолу жасау әр уақыт сайын ұйымдастырылуда.