Алаштың алғашқы оқу құралдары: онлайн-лекция
Сәуір айының 1 жұлдызында Абай атындағы кітапханада Алаш жобасы аясында «Алаштың алғашқы оқу құралдары» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді.Эфир қонағы алаштанушы,филология ғылымдарының магистрі,Қыр Баласы қоғамдық қорының басқарма мүшесі,Барлыбек Сырттанұлының Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ертай Біләл болды.
Ертай Біләл Алаштану жолында,талмай еңбек етіп келе жатқан,жалынды өжет жастардың бірі. Алаштың алғашқы оқу құралдары
атты тақырыбында ғылыми еңбектері бар.Алаш жобасының жалпы мақсат,мүддесі осы алаш қайраткерлерінің,мәдени майданда,үлкен қажырлықпен күрескен арыстардың еңбегін, жалпы қоғамға, оның ішінде жас ұрпақ зердесіне қалдыру және қолдану.
Эфир барысында көптеген Алаш зиялылардың еңбектері айтылып,соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің миссионер Николай Ильминскиймен байланыса отырып,әр түрлі күреске барғаны жайлы тыңнан ақпарат айтылды.Алаш қозғалысы отаршылдық арбауда елді оятты,ұлттық баспасөзді тудырды,әдебиетті қалыптастырды.Осындай құнды деректерді тізбектей келе,Қазан,Уфа, Мәскеу сынды ірі қалаларда сирек басылым қорын да әлі де Алашқпен байланысты ақпарат өте көптігін айтып зерттелуді қажет ететінін тілге тиек етті.Іс-шара соңында соңында,бір неше сауалдар қойылып,әр аудандағы кітапхана қызметкерлері қойған жазбаша сұрақтарға да жауап беріп,ақ жарма тілегін айтты.