Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев:патриоттық сағат
3 мамыр күні Абай атындағы кітапханада 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев» атты патриоттық сағат өткізілді.Шараға транспорт колледжінің студенттері қатысты. Кітапхана маманы Ұлы Отан соғысы кезінде рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың ғұмырнамасы, майданда көрсеткен ерліктері, марапаттары және соғыстан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті.
Р.Қошқарбаев пен жауынгер Г.Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті. Оның ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз десек болады. 2001 жылы берілді Р.Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Шара барысында студенттерге деректі фильмнен үзінді ұсынылып, викториналық сұрақтар жолданып, «Жеңіс туы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Р.Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы жайлы жазған «Жеңіс жалауы» атты кітабы, Т.Боранғалиұлының «Ғасырға сыр» атты зерттеулер кітабы, аты аңызға айналған халық батырына арналған «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев», «Подвиг героя – в наших сердцах» т.б. кітаптар мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған материалдар қойылды.