Мен анамды бейнелеймін: шеберлік сағаты
Елімізде алғаш рет аталып өтіп отырған 12 мамыр – Аналар күні мерекесіне орай, кітапхананың балалар әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Мен анамды бейнелеймін» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шараға «Сиқырлы қылқалам» сурет үйірмесінің қатысушы балақайлары мен аналары қатысты.
Жұмыс барысында әрбір бала өз анасының суретін бейнелей отырып, оның жеке ерекшеліктерін, көздің, шаштың түсін жеткізе білуге тырысты. Өз қолдарымен салған аналарының көз қуантатын ерекше бейнелері балдырғандарға ғажайып әсер сыйлап, естелікке суретке түсті.