Абай мен Пушкиннің жүрек үндестігі: әдеби-музыкалық саквояж
14 мамыр күні Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы Абай атындағы кітапханамен бірлесіп ұлы ақындарды мұраларын дәріптеу мақсатында, А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Абай мен Пушкиннің жүрек үндестігі» тақырыбында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, электронды және музыкалық колледж студенттері арасында әдеби-музыкалық саквояж ұйымдастырды.
Шарада екі елдің әлем деңгейіндегі ақындар Абай мен А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы, әлемдік әдебиет үшін мәңгілік маңызын жоймайтын құндылықтары жайында ерекше ақпараттар берілді. Жас өнерпаздардың бірі ақындардың өлмес туындыларын мәнерлеп оқып, Пушкиннің «Капитан қызы» әңгімесінің желісі бойынша тамаша көрініс көрсетсе, енді бірі Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», т.б. романстарын нақышына келтіре орындап, тыңдармандардың көңілінен шықты.
Кешке қатысушыла назарына ұлы екі ақынның кітапхана қорындағы әдебиеттері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамаларымен топтастырылған «Абай мен Пушкин – екі жүрек үндестігі» атты кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасалынды.