Театр адамның рухани серігі: кездесу кеші
17 мамыр күні Абай атындағы кітапханада 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін атап өту және Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының шаңырағына 90 жыл толуын құттықтау мақсатында «Театр адамның рухани серігі» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға қаламыздағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері арнайы шақырылды.
Кездесу кешіне осы уақытта театр сахнасына жаңа тыныс алып, заман көкжиегіне лайықтап сахналанған «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» трагедиясындағы басты рөлдердегі Кебек рөліндегі Р.Семейғазы, Еңлік образын сомдаушы жас актриса Е.Қуанышқызы және аталмыш қойылымдағы актерлар сахна шебері, актер Н. Хасенов, Ә.Нұрланова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші ,актер А. Нұрғамысов, ҚР Мәдениет қайраткері, актер Б.Тулеков, ҚР Мәдениет қайраткері. әнші,актриса Ш. Муханбетова, ҚР Мәдениет саласының үздігі,әнші,актриса Ә. Асылбекова сынды театр майталмандары келді.
Кездесу кешінде сөз алған актерлар өздерінің жұмыс барысындағы қызықты әрі қиын кезеңдерін бөлісе отырып, “Еңлік – Кебек ” қойылымынан үзінді көрсетті. Театр қызметкерлерінің қойған үзіндісі ерекше тартымдылығы көкрермендер баурай түсті. Сондай-ақ, кездесуге келген актерларлар қатысушылардың алуан түрлі сауалдарына жауап беріп, әзіл-қалжыңдарын ортаға сала отырды.
Шара соңында актерлар кітапхана ұжымына зор алғыстарын жеткізіп, барша ұжым қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтады.