Абай өңірінің аңыздары: ақпараттық сағат
21 мамыр күні Абай атындағы кітапхана мамандары «Абай өңірінің аңыздары» тақырыбында «Бизнес және сервис колледжінің» студенттеріне ақпараттық сағат өткізді.
Колледж білім алушылары «аңыз», «миф» ұғымдары туралы ақпарат алып, белгілі бір табиғи объектіге немесе елді мекенге байланысты топонимикалық аңыздардың түрлерімен танысты.
Қаламыздағы тарихи орындардың пайда болуы, жерасты өткелдері туралы жұмбақ оқиғалардан құлағдар бола отырып, Ертіс өзені жайында бірнеше аңыздар тыңдады.
«Өңір аңыздары» тақырыбындағы арнайы жасақталған көрмедегі «Топонимика Казахстана», Энциклопедиялық сөздік, О.Жанайдаровтың «Легенды древнего Казахстана», А.Бірмағамбетовтың «Тайны географических названий» , А.Сейдембектің «Мир казахов», А.Омаровтың «Бесқарағай – Бөденелі шежіресі», Н.Баяндиннің «Ертістің арғы жағы, бергі жағы…», «Тарбағатай ауданы жер-су атауларының сөздігі», Т.Тілеуқабылдың «Атамекен Абыралы», Х.Ш. Илиуфтың «О происхождении некоторых этнонимов», А.Ислямовтың «Топонимика Восточного Казахстана», Т.Жанұзақтың «Жер-Су атаулары» сияқты кітаптарына кітапхана мамандары жекелеме шолу жасады.