М. Розенбергтің «Ненасильтвенное общение»: кітап клубының отырысы
8 маусым күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Шекарасыз оқу» кітап клубы қатысушылардың кезекті отырысы өтті. Кездесуде М. Розенбергтің «Ненасильтвенное общение. Язык жизни» кітабы талқыланды.
Отырыс барысында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкері автор жайлы және зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас әдісі тұжырымдамасының тарихы туралы қысқаша айтып өтті.
Американдық психолог, медиатор, жазушы және ағартушы М. Розенберг 1960 жылдардың басында ол зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас әдісін (ННО) дамытты.
Кездесу барысында клуб қатысушылары кітапты қызу талқылады. Қатысушылар кітаптан алған ойларымен және әсерлерімен бөлісіп, өмірдегі жағдайды мысал ретінде келтірді. Осы уақытқа дейін зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас әдісін білмей, оны өмірде дұрыс қолданудың қаншалықты пайдалы екендігімен бөлісті.
Қорытындылай келе, клуб мүшелері бұл әдістің қарым-қатынасқа деген өзектілігі мен жан-жақтылығын атап өтіп, бұл шын мәнінде өмірдегі маңызды нәрсеге назар аударуға көмектесетіндігіне тоқталды.