Кітап оқимыз, кітаппен бірге демаламыз: библио-орындық
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың жазғы лагерінде демаласын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында «Sapsan» зияткерлік дамыту мектебінің жазғы тыңдаушыларына «Кітап оқимыз, кітаппен бірге демаламыз» атты библио-орындық ұйымдастырды.
Шара барысында балдырғандарға «Ашылмалы кітапша» атты көркем суретті топтамалар, ертегілер, фантастикалық, графикалық кітаптармен жасақталған кітап көрмесін ұсынылды, балалар назарын ерекше аударған инновациялық технология негізінде құрылған 12 кітаптан тұратын «Даналық әліппесі» кітабы болды, онда кітапханашы инновациялық сөйлейтін қаламмен «Бесік жырын» оқыды. Сондай-ақ балдырғандар «Ертегі кейіпкерлерін тап», «Пішіндерді аяқта», «Заттарды салыстыру» т.б. танымдық викториналарға, қозғалмалы ойындарға белсене қатысып отырды. Бүлдіршіндер шарадан жақсы әсер алып, кітапханаға жазылуға ниет білдірді.