Астана-бас қала: қызықты хабарлама сағаты
3 шілде күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері № 2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына 6 шілде Астана күніне орай «Астана – бас қала» атты іс-шара өткізілді.
Қатысушыларға елорданың даму жолдарынан, тарихынан, сондай-ақ әр елдің сәулетшілерінің қатысуымен салынған әсем ғимараттар және тарихи маңызды деректері баяндалды. Бұл қаланы Целиноград ретінде білетін аға ұрпаққа елорда өміріндегі қызықты фактілер атап айтсақ, Қазақстандағы ең үлкен ту, Астананың ең биік ғимараттары, көлбеу лифтілер, 120 тонналық теңіз тұзы бар океанариум және басқа да қызықты мәлеметтерден ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың назарына Астана қаласы жайындағы кітаптар, қаланың көрікті жерлерін бейнелейтін фотоальбомдар ұсынылған кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған М.Абсеметовтың «Мыңжылдық тарихы бар қала», «Астана: сәулеттік жолсілтеме», С.Түгелдің «Астана хикаялары», «Астана: жыр құшағында» А. Джаксыбековтың «Так начиналась Астана», Т.Барабанова «Астана: фотоальбом», «Астана: энциклопедия» сынды кітаптарға ерекше назар аударылды.