Тілдің мерейі – елдің мерейі: ақпараттық сағат
5 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында қаламыздағы Шәкәрім университетінің аударма бөлімінің студенттеріне Қазақстан халықтарының тілдерінің күніне» арналған «Тілдің мерейі – елдің мерейі» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Аталмыш шара ағартушы, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, ақын, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналды.
Іс-шараға қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Ахмет Байтұрсынұлының биографиясы мен қызықты деректерімен танысты.
Қатысушылар арасында жаңылтпаш сайысы ұйымдастырылып, тілдер күніне арнайы мынандай кітаптардан жасақталған кітап көрмесі: «Происхождение языка» С. Бурлак, « Sisson’s word and expression location» A. Sisson, «Введение в языкознание» Е.Д. Поливанова, « Альпийский лабиринт древних языков Европы» З.С. Ужахова, «Словарь евразийской лингвокультуры Казахстана» ұсынылды.