Сыбайлас-жемкорлықпен күрес: заңнамалық реттелуі
Абай атындағы кітапханда 28 қантар күні «Сыбайлас-жемкорлықпен күрес: заңнамалық реттелуі» заңнамалық шолу өткізілді.
Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен қүресу бағытында бірқатар заң актілерімен пайдаланушыларды таныстырды. Нормативтік–құқықтық база сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында 17 заң жетілдірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстанның және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Іс-шара кітап көрмесімен толықтырылды. Көрмеге қойылған 2011 жылғы №3 «Заң және заман» журнал бетінде жарияланған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы атқарылған жұмыс» мақаласы оқырмандар сұранысын қанағаттандырды. «Егемен Қазақстан», «Экономика» газеттері беттеріндегі мақалалар оқырмандардың қызығушылын тудырды.