Тілім менің – ғасырлардан аманат: интеллектуалды викториналық ойындар
5- қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында Абай атындағы әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері № 17 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты интеллектуалды викториналық ойындар ұйымдастырды.
Шара басында кітапхана мамандары тілдің шығу тарихы мен мағынасы туралы ақпарат беріп, тіл – қарым – қатынас құралы екендігін айтып, Қазақстан көпұлтты мемлекеттілігі және онда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретіні жайлы әңгімеленді.
Кітапханашы әр тілдің әдемі, қызықты және ерекше екенін атап өтіп, жиналғандарды әртүрлі тілде сәлемдесуге шақырды.
Қатысушылар арасында «Қанатты сөз», «Үздік аудармашы», «Туған жерді білесің бе?», «Тіл туралы мақал-мәтелдер» т.б мемлекеттік тілді білуге арналған түрлі ойындар, викториналар, сайыстар ұйымдастырылды.
Барлық қатысушылар викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, жарыс тапсырмаларын шапшаң орындады. Шарада оқушылар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетті.