Тіл тағдыры – ел тағдыры: кітап көрмесі
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Абай атындағы кітапхана «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмені тамашалауға «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты тақырыпта ұйымдастырылған облыстық дөңгелек үстелге қатысушылар және кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесіне қойылған қазақ тілінің грамматикасы, қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты қойылған кітаптар мен қазақ әліпбиінің негізін қалаған А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» кітабы, К. Ахановтың «Тіл біліміне кіріспе», С.Аманжолова «Қазақ тілі теориясының негіздері» т.б. кітаптарына шолу жасады.
Кітап көрмесінің бірінші бөліміне қойылған қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты Р. Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Ғ. Мұсабаев «Қазақ тілі тарихынан», қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым А. Байтұрсынұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Түркі филологиясына кіріспе», А. Байтұрсыновтың «Тіл құрал» т.б. кітаптарға ерекше назар аударылды.
Екінші бөлімде қазақ тілінің грамматикасына байланысты С.Аманжолова «Қазақ тілі теориясының негіздері», «Сөздік қатынас негіздері», К. Аханов «Тіл білімінің негіздері», Т.Ермекова «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі», «Кәсіби қазақ тілі», Г. Әлімбек «Қазақ тілі», С. Аманжолов «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» т.б. кітаптар қойылды.
Үшінші бөлімге тілге байланысты әртүрлі анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар «Әліпби» энциклопедиялық анықтамалық, «Қазақ тілі» энциклопедия, «Абай тілі сөздігі», «Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі» т.б. ұсынылды.