Біз отбасымызбен кітап оқимыз: ақпараттық сағат
Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері кітапхананың жас оқырмандары мен ата-аналары арасында «Біз отбасымызбен кітап оқимыз» атты ақпараттық сағат өткізді. Отбасы адамзаттық құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтың тарихи сабақтастығының қамқоршысы. Балдырғандардың адами құндылықтарын арттыруда кітапхана ошағы мен отбасы ең жақын досы болып табылады. Шара басында кітапхана қызметкерлері жиналғандарды мерекемен құттықтап, Отбасы күнінің тарихы мен бұл мерекенің басқа елдерде қалай тойланатыны туралы әңгімеледі. Балалар ата-аналарымен бірге «Сурет бойынша ертегіні тап», «Мақал-мәтелдер», «Тез оқу», «Жұмбақты тап» т.б ойындарға қатысты. Шара барысында балалар отбасында сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, өзара түсіністік, отбасының әрбір мүшесіне қамқорлық болуы керек екенін түсінді. Аталмыш шараға қатысушы балақайлар отбасы құндылықтары жайында өздері әңгімелей отырып, ата-анаға көмектесу керектігін де тілге тиек етті. Іс-шара тақырыбы ашыла түсу үшін «Отбасымызбен кітап оқимыз» атты кітап көрмесі жасақталып, қатысушылар назарына ұсынылды.