Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық векторлары: ақпараттық сағат
25 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада «Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық векторлары» тақырыбында қаламыздағы медицина университетінің студенттеріне екі тілде ақпараттық сағат өткізілді.
Іс – шараның негізгі мақсаты – Президент Жолдауының 2024 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты жыл сайынғы жолдауын зерделеу және талқылау.
Студенттер Қазақстанның алдағы жылға арналған дамуы туралы жолдаудың негізгі бағыттарымен танысты. Қатысушылар экономиканы дамытудың жаңа бағыттарымен, Салық кодексіндегі өзгерістер мен фискалдық реформамен, инфрақұрылым мен су ресурстарының мәселелері жайлы мағлұмат алды. Кітапхана қызметкері медицина мамандары үшін маңызды саналатын адам ресурстары мен ұлт денсаулығын нығайту мәселелеріне, сондай-ақ, ол гүлденген мемлекеттің маңызды аспектілеріне – құқықтық тәртіп пен патриотизмге тоқталды. Өйткені, қоғамның осы қасиеттері мемлекетті «Жауапты азамат – адал еңбек – лайықты табыс» басты постулаттары болып табылатын «Жаңа Қазақстанға» айналдырады. Қатысушылар назарына Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кітап көрмесі ұсынылды.