Ақын – елдің ардағы: кездесу кеші
30 қыркүйек күні Абай кітапханасында ақын, Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ақжол Түменбаймен «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Шараға студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында Абай облысының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Т.Берікбекқызы сөз алып, ақынға жүрекжарды лебізін білдірсе, кітапхана директоры, ақын М.Қарт алыстан арнайы ат басын бұрып келген ақынға «қош, келдің» айта отырып, жақында ғана тұсаукесері жасалып, сиясы кеуіп үлгермеген «Семейден ескен самал» Семей ақындар антологиясы жинағын тарту етті.
Кездесуде ақынға деген жекелеме сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Кешке арнайы келген жерлесіміз, жас композитор Арнұр Шәкеров кеш қонағы А.Түменбайдың сөзіне жазылған «Махаббат бар әлі» әнін көпшілікке тарту етті.
Поэзияның тылсымына тереңнен бойлаған ақын Ақжолмен болған кездесу кеші жастарға ерекше толқыныс пен күш жігер бергендей.