Жолдаудың саяси, әлеуметтік мәні : дәріс
3 қазан күні Абай кітапханасында Президент Жолдауы бойынша қаламыздағы Alikhan Bokeikhan университетінің философия ғылымдарының кандидаты, профессор М.М.Түйебаев пен тарихшы, политолог, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қ.Рахметуллин «Жолдаудың саяси, әлеуметтік мәні» тақырыбында кітапхана қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Аталмыш шарада Мемлекет Басшысының Жолдаудағы негізгі бағдарлары: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту мәселелері туралы жан-жақты талқыланып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы туралы да ой шолу жасалды.
Сондай-ақ Жолдаудың халыққа берері туралы талқыланып, қатысушылар мен дәріс оқушылар өз ой –пікірлерін ортаға салды.