Қаламы әлі мұқалмаған: ақпараттық сағат
8 қазан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семейдің көп салалы колледжінде қазақтан шыққан тұңғыш абылайтанушы, журналист, ақын С.Ақтаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қаламы әлі мұқалмаған» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері журналисттің өмірі мен шығармашылығына жалпылама шолу жасалып, мақалаларына талдау жасалды.
Шара барысында жазушының қоғамға байланысты қозғалған тақырыптары студенттермен талқыланып, ақпараттық сағатқа қатысушылар пікір алмасты. Абай кітапханасының қызметкерлері қазіргі таңдағы актуалды тақырыптың бірін қозғап, қазіргі таңда болып жатқан саяси-қоғамдық мәселелерді салыстырды. Сонымен қатар, «қазақ журналистикасының ертеңі алаңдатады» деген тақырыпты студенттермен талқылап, қорытындылады.
Студенттерге жазушының шығармашылығын кеңінен таныстыру мақсатында студенттерге кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде Ақиқат журналдары, «Тұңғыш кітап», «Қазақ ханымдары», «Абылайдың ақ жолы» кітаптары ұсынылып, таныстырылды.