Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм: мерзімді басылымдар көрмесі
16 қазан күні Абай кітапханасында ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты тақырыпта мерзімді басылымдардан көрме жасақталып, кітапхана пайдаланушыларының назарына ұсынылды.
Көремеден Елбасының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы, «Егемен Қазақстан» газетіндегі жолдау туралы Қазақстан Парламентінің Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың «Дәйекті даму жолындағы маңызды қадам» және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е. Қошановтың «Алдымызда зор міндет тұр» атты мақалалары орын алды.
Сонымен қатар, «Семей таңы», «Ертіс өңірі», «AIQYN», «Заң», «Сарбаз», «Жас Алаш», «Түркістан», «Вести Семей», «Рудный Алтай», «Новое поколение», «Спектр», «LITER», «Юридическая газета» сынды мерзімді басылым беттерінде Жолдауға байланысты жарияланған қоғам қайраткерлерінің мақалалары да көпшілік назарына ұсынылды.
Кітапхана қызметкері Мемлекет Басшысының Жолдаудың негізгі бағдарлары: жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту мәселелері туралы қысқаша түсінік берді.