Ә. Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы: оқырман конференциясы
29 қазан күні Абай кітапханасы қызметкерлері жазушы Ә. Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, автордың «Соңғы парыз» романы бойынша қаламыздағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1-4 курс студенттерімен оқырмандар конференциясын өткізді.
Шараға қатысушылар шығармаға арқау болған Арал зардабын, дімкәс ана, ауру ұрпақ, өңірдің экономикалық жағдайын әр облыстың экономикасымен салыстыра отырып, қазіргі мен кешегі күннің қиындықтарының туындау себебін және оның шешу жолдарын қарастырып, шығарма жайында өз ойларын ортаға салды.
Кітаптың идеясы – Аралдың зардабын шеккен адамдарды сипаттай отыра, адамдарға үлгі-өнеге, ойландыратын қанатты сөздер және бой жетіп келе жатқан қыздарға байланысты тиым арқылы жеткізу әрі мойындарына тағылған бойтұмарларды байланыстыра отырып, көпшілік қауымға жете білді.
Қорытындылай келе, студенттер бұл тәуелсіз заманға оңайшылықпен келмегенімізді және бақытты ғұмыр кешуіміздің артында үлкен еңбек тұрғанын түсінді.