Мәңгілік ел стратегиясы – халық стратегиясы: экспресс-мінбе
2014 жылдың 29 қаңтарында ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы талқыланды.
Елбасы: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», деп атап айтқандай Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Мәңгілік ел стратегиясы – халық стратегиясы» экспресс-мінбесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Экспресс-мінбеге Семей қ. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Қ.А.Жұмабай, «Семей қаласы мүгедектері бірлестігі «Көмек» ассоциациясы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қ.Д.Дүтбаев, «Шырақ» мүгедек әйелдер Ассоциациясы филиалының, «Тіршілік үміті» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сонымен қатар әр топтағы мүгедектер мен арбаға таңылған мүгедектер қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің жұмыспен қамтылуы және қала ішінде инватаксидің көмегімен қозғалуы сияқты мәселелерді қозғап, Қ.А.Жұмабай мен Қ.Д.Дүтбаевқа көкейкесті сұрақтарын қойды.
Кітапхана директоры А.Ә.Шаймарданова мүмкіндігі шектеулі жандардың «Книгоноша» и «Библиокөмек» жобасы бойынша қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Облыстық мәдениет басқармасы бөлімінің меңгерушісі С.Б.Қасенов кітапхана жобасына жоғары бағасын беріп, барлық облыстық мәдениет басқармасының мекемелері мүгедек жандарға мәдени-ақпараттық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап айтты. Экспресс-мінбе «Казахстан 2050» кең көлемді кітап көрмесімен толықтырылды. Көрмеде ҚР Президентінің 2014 жылғы халыққа Жолдауы мен Қазақстан дамуының саяси бағдары баяндалған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.