Алаш тағылымы: Тәуелсіздік негізі: танымдық сағат
1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынбор қаласында өткен ЖЕкінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылып, астанасы Алаш қаласы деп Семей қаласы таңдалып, үкімет басшысы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан тағайындалған. Ел Тәуелсіздігінің тұғыры болған осы тарихи оқиға құрметіне 12 желтоқсан 2024 жылы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға келген пайдаланушылар «Алаш тағылымы: Тәуелсіздік негізі» – танымдық сағатына қатысты. Шара қонақтары танымдық сағатта кітап көрмесінен орын алған сиясы кеппеген жаңа басылым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылы же қол қойған Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша шыққан 52 том кітаптар топтамасымен, мерзімді басылымдарда жария көрген алаш тарихына қатысты мол мақалалар мен сондай-ақ алаш зиялыларының көзі тірісінде жария көрген мұраларымен танысты. Көрмені Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, С.Торайғыровтың өміршең сөз өрнектері, С.Торайғыров жазған «Алаш ұраны» көркейтті.
Көрме-экспозициядан көрініс тапқан «Императорлық Орыс Гелографиялық Қоғамының Батыс-Сібір Бөлімінің Семей Бөлімшесінің Запискилеріндегі» Ә.Бөкейханның, Ж.Ақбаевтың ғылыми мақалаларын көріп, Ш,Құдайбердіұлы, Р.Мәрсеков, О.Әлжанов, Х.Есенбайұлы, Т.Арыстанбеков, Б,Майлин, І.Жансүгіров туралы тың ақпараттарға қанықты.
Шараға келген Ішкі істер Департаменті қызметкерлері мазмұнды ақпаратқа қанығып, бай мағлұмат алып ұлт зиялылары жайлы көкейіндегі сұрақтарын да қойды.