Туған жерді жүрегімен жырлаған: кең көлемді көрме
13 желтоқсан 2024 жылы қаламыздағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде ақын, журналист Ақылбек Манабаевтың шығармашылығына арналған «Өлеңі самал аңқыған…» жыр кешіне Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың мерзімді басылымдар бөлімі «Туған жерді жүрегімен жырлаған» тақырыбындағы кең көлемді көрмесін ұсынды.
Көрмеге А. Манабаевтың қаламынан туындаған «Таң самалы», «Жүрек сөйлейді» жыр жинақтары, «Семей өңірінің ақын-жазушылары» био-библиографиялық көрсеткіші, Т. Ибрагимов «Оймен оңаша» кітабы мен 1963-1965 жылдар аралылығындағы «Алға», «Семей таңы» газетінің 1967 жылдан бергі мерзімді басылымдары қойылып, көрменің мазмұнын айқындап аша түсті.
Фотосуреттер мен 60 жылдардан бергі әр жылдардағы ақынның қаламынан туындаған өлеңдер, қоғам тынысынан хабар беріп отырған ақынның баспа беттеріндегі мақалалары және ақын жайлы жазылған мақалалар туралы кітапхана қызметкерлерінің тың деректері ақын ұрпақтары үшін тосын сый болды.
Ақынның ұлы Айдардың, қыздары Айнұр, Майнұр, Анардың бала-шағалары, ақынның туған-туыстары және шара қонақтары алғыстарын айтып өз ризашылықтарын білдірді.
Болашақта кітапханамен байланыс жасап, әкелерінің мұраларын жинақ ретінде шығару жоспарларымен бөлісетіндіктерін жеткізді.