Қазақты әлемге танытқан қаламгер: әдеби кеш
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі, жазушы І. Есенберлиеннің туғанына 110 жыл толуына орай, Абай атындағы кітапханада 10 қаңтар күні «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға Әлихан Бөкейхан университетінің филология факультетінің студенттері қатысты
Шара барысында Ілияс Есенберлин өмір жолы, шығармашылығы және еңбектері жайында Әлихан Бөкейхан университеті студенттері Тлеуберлина Сабина мен Серік Ақбота кіріспе сөз сөйлеп, арнайылап шақырылған Әлихан Бөкейхан университеті гуманитарлық факультетінің оқытушысы,филология ғылымының кандидаты Аитова Жанар Жұмабекқызы қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы сөз қозғады.
Ілияс Есенберлиннің романдары «Алмас Қылыш», «Ғашықтар», «Алыстағы арал», «Көшпенділер», «Қаһар» жайында студенттер өз ойларын білдіріп, ең әсерлі кейіпкерлерге тоқталып өтті.
Кеш соңында университет студенттері Мейрамғалиева Ақбота мен Тельманова Еркежан өз жеке шығармашылығынан өлеңдер оқыды.
І. Есенберлин шығармашылығына арналған кітапхана қорында бар басылымдардан «Қазақ тарихының жаршысы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.