Бір дәуірдің қос үні: ақпараттық сағат
4 ақпан күні Абай кітапханасының кітапханашылары «бизнес және сервис» колледжінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұлов пен Қазақстан әнұраны сөзінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арнап «Бір дәуірдің қос үні» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Колледж студенттері «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихымен танысып, жазушы мен ақынның өмірбаяны туралы мәліметтер алып, олардың шығармашылық жетістіктері туралы бейнероликтер көріп, өз ойларын да ортаға сала отырды.
Шара соңында «Тұңғиыққа бойлаған қаламгерлер» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, кітапхана қорындағы әдебиет алыптарының шығармашылығы таныстырылды.