Ерліктің аты – Ауғанстан: интернационалист-жауынгермен кездесу
6 ақпан күні Семей қаласының электротехника колледжіне Абай кітапханасы мамандары арнайы түрде қатынап, «Ерліктің аты – Ауғанстан» тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Кездесуге Ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Асқар Құнафияұлы Құнафин шақырылды.
Кітапхана маманы студенттерді Ауған соғысының басталуы туралы тарихи деректермен таныстырып, аты аңызға айналған тұлға – полковник Борис Токенұлы Керімбаев және Семей қаласының көшелеріне есімдері берілген қаза тапқан интернационалист-жауынгерлер туралы әңгімелесе, кеш қонағы Асқар Құнафин алыстағы Ауғанстанда әскери борышын өтеу кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, жігіттеріміздің батырлығы мен қайсарлығы жайында оқиғалар айтып , ауған халқының әдет-ғұрыптарына да тоқталды.
Аталмыш шарада қатаысушылар назарына бейнероликтер мен презентациялар ұсынылып, «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрме қойылымынан тарихи- деректі туындылармен қоса көркем әдебиеттер те орын алды. Қатысушыл студенттер А.Жантасовтың «Жартасты жастанған жас. Қара майордың мұсылман батальоны», О.Күмісбаевтың «Ауғанстан достық құшағында», Б.Смағұловтың «Тағдыр тозағы», С.Алексиевичтың «Цинковые мальчики», А.А. Ляховский, В.М. Забродиннің «Тайны афганской войны», «Афганская война:как это было» және т.б. кітаптарға ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.