С. Мұқанов «Мөлдір махаббат»: оқырмандар конференциясы
Абай кітапханасында жастардың оқуға құштарлығын ояту мақсатында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. Конференция барысында қазақ әдебиетінің классикалық туындысы – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романы талданды.
Шарада студенттер шығармадағы махаббат тақырыбын, кейіпкерлердің бейнесін, олардың мінез-құлық ерекшеліктерін, сондай-ақ, автордың сол кезеңдегі қоғамға қатысты көзқарасын талқылады. Романдағы Бүркіт пен Бәтестің адал сезімі, әлеуметтік әділетсіздік пен заманның қайшылықтары туралы пікір алмасты.
Конференцияға қатысушылар кітаптың жастарға берер тәрбиелік мәнін атап өтіп, көркем әдебиеттің адам өміріне тигізетін әсері жайлы ой бөлісті. Осындай әдеби шаралар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятады.