Жас өлкетанушылар клубы
Абай кітапханасында балалар өлкетану клубының алғашқы отырысы өтті. Кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының ұландары мен қаладағы №1,9,50 орта мектептің тарих сүйер жас жеткіншектері қатысты.
Шара барысы кітапханамен, оның қорларымен және Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған көрмемен танысуға арналды.
Клубқа қатысушы жас оқырмандар бір-бірімен танысып, Семейдегі 19 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі өлкетану ғылымының даму тарихы туралы ақпарат алды. Алдағы кездесулердің жұмыс жоспарлары мен ортақ жобалардың тақырыптарын талқылады. Клуб мүшелері айына 2 рет кездесу өткізуді жоспарлады. Іс-шара барысында қаланың көне ғимараттарын, оның маңындағы археологиялық ескерткіштерді және жартастағы суреттерді зерттеу жоспарланды.