Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды: ақпараттық-танымдық сағат
5 мамыр күні Абай атындағы кітапхана мамандары Ш. Уалиханов атындағы дарынды балаларға арналған «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернатында 6-сынып оқушыларына «Қазақ елінің батырлары» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Шара Қазақстан бойынша бірыңғай ерлік сабағы аясында «Ешкім де, еш нәрсе де ешқашан ұмытылмайды» деген жалпы атаумен өтті. Шара барысында балалар өз өлкесінің ерлік тарихымен танысты, қазақ батырларының 4 соғыста: 100 жылға созылған жоңғарлармен соғысы, 1917-20 жылдардағы Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы кезіндегі ерліктері мен ұлы қолбасшылары туралы мағлұмат алды.
Шара тұсаукесер мен кітап көрмесімен ұласты. М.Әуэзовтың «Лихая година», Р. Сейсенбаевтың «Честь», М.Сұлтанбековтың «Хан Аблай и его батыры», А.Нұрқановтың «Амангелді Иманов», Т.Шоинбаевтың «Алиби Джангильдин», Л.Ахметованың «Брестская крепость», Ә. Нұршайықовтың «Боздақтар», «Қаһарман Бауыржан Момышұлы. 1910-1982», Н.Асилов және А. Макиповтың «Великая Отечественная война в исторической памяти народа» және басқа кітаптар көрме төрінен орын алды.
Кітапхана маманы Марат Байжановтың орындауындағы «О героях былых времен» әні қаза тапқан жауынгерлерге арналды.