Елдің стратегиясы – халықтың стратегиясы: дәріс
2014 жылы 6 ақпан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебінің Шығыс Қазақстан аймақтық филиалынымен бірлесіп Семей медицина университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Елдің стратегиясы – халықтың стратегиясы» атты дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараға біздің мемлекетіміздегі маңызды стратегиялық міндеттерінің дамуы, әлемдегі ең сәтті және жетістікке жеткен елдердің экономикалық ахуалдары талқыланды. Студенттер біздің еліміздің өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңіндегі табысты жетістіктері, Қазақстанның өркендеуі, индустриалды- инновациялық даму және қазақстандықтардың өмірінің жақсаруы туралы ақпараттарды қызыға тыңдады.
Ақпарат слайд көрсетілімімен толықтырылды. Шараға қатысушыларға «Казахстан-2050» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге барлығы 47 кітап және 11 мерзімді басылымдар қойылды.