Абай жазған заң : ақпараттық сағат
1 тамыз күні Жоғары гуманитарлық – заң және техникалық колледжінде ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған «XVIII-XIX ғасырдағы Қазақ әдет-ғұрпының қылмыстық құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі»- кітабының тұсаукесері шарасы өтті. Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкері Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының прокуроры Кошкин Ержан Сайлауғалиұлының «Абай жазған заң» тақырыбы аясында жазған жаңа туындысының тұсаукесеріне қатысып, сирек басылымдар қорларындағы ұлы ақынның қазақ әдет-ғұрып заңдары негізінде дайындаған, қазақ құқық тарихына «Қарамола ережесі»-деген атпен енген заң ережесі жайлы сирек деректер жайлы ақпарат берді. Кітапхана қорындағы құнды құжаттар жайлы ақпараттарды тыңдарман қауым ықыласпен қабылдады.

