Абай тұлғасы сирек басылымдарда: онлайн кездесу
Абай атындағы кітапханасы ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай тұлғасы сирек басылымдарда» тақырыбында Шемонаиха орталық аудандық кітапханасы мен Zoom форматында онлайн-кездесу өткізді. Шараға Шемонайха аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, «Абай және кітапхана» тақырыбында, ұлы ақын жайлы сирек қорымыздағы түпнұсқа тарихи құжаттар жайлы ақпаратты тыңдады. Шараға қатысушылар сирек кездесетін басылымдар мен ұлы Абай өмірінің құқықтық жағы туралы көптеген пайдалы ақпаратты білді. Шара қонағы аудандық әкім орынбасары Данияр Базаралұлы Абай кітапханасына алғысын білдіріп, байланысты жалғастырып, осындай танымдық шараларды жиі ұйымдастыру қажеттігін айтты.





