Мәңгілік ел – ұлттық идея: экспресс-мінбе
2014 жылы 10 ақпанда Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері құқық және бизнес колледжінің оқытушылары мен студенттеріне арнап Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында «Мәңгілік ел – ұлттық идея»: атты экспресс-мінбе өткізді.
Шараның өту барысында Елбасының «Қазақстан-жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» –атты халыққа жолдауы- Қазақстанның атқарған тыңғылықты істерін, жетістіктерін бағалап, болашаққа яғни 2050 жылға дейінгі жоспар құрып отырғандығы баяндалды.Колледж студенттері: Жанпейісова Мадина, Бекенова Арайлым, Қайратов Руслан еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің және экономикалық ақуалының дамуы туралы ақпаратты тыңдай отыра, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында тыңдаушыларға «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты слайд көрсетілімі ұсынылды.