Мемлекеттік тіл – болашағымыздың кепілі: интеллектуалды викториналық ойындар
5 қыркүйек күні Абай кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында «Мемлекеттік тіл – болашағымыздың кепілі» атты интеллектуалды викториналық ойындар өтті. Шараға Семей қаласының «№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапхана мамандары тілдің шығу тарихы мен мағынасы туралы ақпарат беріп, тіл – қарым-қатынас құралы екендігі баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін алға тарта отырып, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы жайлы пікір алмасты.
Қатысушылар арасында «Ханзада мен ханшайым» квесті, «Wordwall», «Жұмбақ», «Тіл туралы мақал-мәтелдер» және т.б мемлекеттік тілді білуге арналған түрлі ойындар, викториналар, сайыстар ұйымдастырылды.
Барлық қатысушылар викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, жарыс тапсырмаларын шапшаң орындады.






