Кітапхана – білім көкжиегінде: саяхат
Абай атындағы әмбебап кітапхана библиографтары «Авиценна» медициналық колледжінің 1 курс студенттерімен «Кітапхана – білім көкжиегінде» тақырыбында танымдық саяхат сабағын 2014 жылдың 11 ақпанында өткізді.
Білімді ұрпаққа жаңаша қызмет көрсетіп отырған кітапхананың бай тарихымен, қызмет көрсететін түрлі бөлімдермен таныстыру, кітап оқуға баулу, кітапхананың құнды кітап қорын пайдалану жолы және еркін ақпараттық кеңістікке қол жеткізу мүмкіндіктерімен, қаталогтар мен электрондық мәліметтер қорынан қажетті ақпараттарды іздеп табудың түрлі жолдары, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау, библиографиялық өлкетану құралдарын пайдалану әдістері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.
Ақпарат алудың бірден-бір тиімді жолы виртуалды анықтама қызметін пайдалану арқылы студенттерге библиографиялық қызмет көрсетіліп, әдістемелік кеңестер берілді. Студенттердің сұранымы бойынша кітапхананың ресми сайтымен таныстырылып, ондағы мағлұматтарға шолу жасалды. Соңында студенттер кітапхана оқырманы болып жазылды.