Біз таныған Абай тағылымы: дәріс
6 қыркүйек күні Абай кітапханасы жанындағы «Асық» әдеби-мәдени клубының маусымашары жазушы Қуат Қиықбайдың «Біз таныған Абай тағылымы» атты дәрісімен басталды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл дәріске жаңа оқырмандар келіп, клуб мүшелерінің қатарына қосылды.
Дәріс барысында әр қатысушы Абайды өз көркемдік таным-түйсігіне, мәдени, діни пәлсапалық аңғаруына, пенделік құштар-құлқына орай танып білді. Сондай-ақ, ұлы ақынның мол мұрасын насихаттау бүгінгі ұрпақтың парызы екенін алға тарта отырып, Абайды тану арқылы өзімізді танимыз деген тұжырымға келді.
Абайдың Абай болуы ұлттық әдебиетке қанығып өсуінде екені белгілі. «Асық» клубының басты мақсаты да – оқырманды ұлттық құндылықтармен сусындата отырып, әдебиетті бойға сіңіру.

