Тіл – бірліктің тірегі : танымдық сағат
10 қыркүйек күні Абай кітапханасының қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күніне орай Semey New School мектебінің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Тіл – бірліктің тірегі» атты танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға тіл тарихы, оның маңызы және әлем халықтарының тілдері жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Мақалды жалғастыр», «Мақалдың мәнін тап», «Қазақ халқының танымал тұлғалары», «Сөзді аудар» атты қызықты ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, мемлекеттік тілді құрметтеудің үлгісін көрсетті.
Тіл – тарихымыздың, мәдениетіміздің айнасы. Оны сақтау – баршамыздың парызымыз!






