Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы: ақпараттық сағат
Абай кітапханасының қызметкерлері №50 IT мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларына «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылық еңбектері және қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі жайында мағлұмат алды. Сонымен қатар, ұлт болашағы үшін атқарған қызметтері мен өскелең ұрпаққа қалдырған мол мұрасы кеңінен талқыланды.
Іс-шара аясында «Ханзада мен ханшайым» атты танымдық квест ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін сынады. Квест оқушылардың қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сондай-ақ, көрнекті ақын М. Шахановтың тіл туралы өлеңі оқылып, оның мазмұны мен тәрбиелік мәні бойынша ашық пікірталас жүргізілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында оқушылар тіл құндылығын терең түсініп, Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұрасының маңызын ұғынды.






