Кітапханадағы қала күні: экскурсия
21 қыркүйек күні Қала күніне орай IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің 1 курс студенттері жетекшілері Балықбаева Әсемгүл Советқанқызының бастауымен Абай кітапханасына экскурсия жасап, кітапхана қызметімен және оқу залының жұмысымен танысты.
Экскурсия барысында студенттерге Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткерлері туралы жаңадан жарық көрген кітаптар және «Абай жолы» кітаптар сериясы таныстырылды.
Кездесу аясында колледж жастары қала күніне орай ұйымдастырылған «Тарихи қиылыс: дәуірлердің тоғысында» атты өлкетану қонақжайына да қатысты. Шара барысында студенттер Семей қаласының тарихи-мәдени нысандары, әр кезеңнің сәулет үлгілері, сондай-ақ қала тарихының маңызды беттерімен танысып, танымдық әрі қызықты мәліметтер алды.
Осындай іс-шаралар жастардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.




