Абайдың рухани орталығы: экскурсия
25 қыркүйек күні Абай кітапханасында «Kitap Time – 2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында мазмұнға бай, руханияты терең, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шараға келген қаламыздағы 68303 әскери бөлімінің, 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздарына, Семей қаласының электротехникалық колледжінің ұстазы мен студенттеріне, «Жас ұлан» мектебінің ұстазы мен оқушыларына кітапханамыздағы «Абайдың рухани орталығы» таныстырылды.
Қонақтарға 1883 жылы ашылған қоғамдық кітапхананың тарихы және алғашқы оқырмандарының қатарында кемеңгер Абай Құнанбаевтың болғаны туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, сирек қорымыздың сөрелерінде сақталған Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы оқыған орыс классиктері мен батыс ойшылдарының шығармалары таныстырылды.
Кітапхана қонақтары тарихы тереңде жатқан құнды деректермен танысып, шарадан ерекше әсер алды.






